Әсіп тағамын қалай дайындауды білесіз бе?

Жарияланды at 25.08.2016
1696 0

Қыс келгесін соғым сою мезгілі басталады. Соғымды үйде союдың көп пайдалы жақтары бар. Соның бірі қазақтың ұлттық тағамы әсіп немесе шым-мыж дайындауға үлкен мүмкіндік туады. Әсіпті әр жақта әрқалай дайындайды, кейбірі қан орнына ет, өкпе-бауыр қосып пісіреді.  Ал біз олардың орнына қан мен іш май қосамыз. Малдың ішек-қарнын алып тастағаннан кейінгі ішінде жиналған таза қанды ыдысқа құйып алып қоямыз.

Әсіп дайындау үшін керек заттар: 

  • күріш 1 шыны
  • пияз 1 бас
  • жарты сәбіз
  • туралған іш май 100 гр
  • тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш
  • ішек (бүйен ішек)
  • 2-3 тал (түйір) сарымсақ

Алдымен ішекті жақсылап жуып алып бір жағын ине жіппен ауа өтпейтіндей етіп тігіп алыңыз. Содан соң күрішті қатты ыстық суға жуып аламыз. Бәрін қанға жақсылап араластырып ішектің ішіне ақырындап саласыз.  Бәрін салып біткесін екінші жағында жақсылап тігесіз.

DSC_0057DSC_0061

Ішегіңіз тым толып кетпесін, себебі күріш піскен кезде ісінеді. Ішекті инемен 2-3 жерден тесіп ауасын шығарып тұру керек. Әйтпесе ішегіңіз жарылып кетуі мүмкін. Ішек бататындай етіп су құйып 70-90 минут қайнатып алғасын баяу отта пісіреміз.

DSC_0066

Әсіп дайындауға көп уақыт қажет емес. Әсіпті ыстық тағам ретінде немесе суық кезінде тіскебасар ретінде қонаққа ұсынуға болады. Астарыңыз дәмді болсын!

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда қайырымдылық бар ма?!

Жарияланды - 21.03.2017 0
       Қазақстан постсоветтік аймақта Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін (МБЖЖ) енгізген бірінші ел болып табылады.Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының…

ДЕМОКРАТТАР ТРАМПТЫ ТАҚТАН ТАЙДЫРМАҚ

Жарияланды - 01.03.2017 0
      Томас Перес АҚШ Демократиялық партиясының Ұлттық комитетінің басшысы болып тағайындалғаннан бастап, республикандықтар мен демократтар арасындағы қарама-қайшылық өрши түскен секілді.…