G20 саммиті: Путин үшін сәтті, Обамаға соңғы, ал Си Цзинпинь жеңімпаз

Жарияланды at 17:24
925 0

2016 жылдың қыркүйек айының 3-5 аралығында ҚХР Хуанчжоу қаласында кезекті «улкен жиырмалықтың» бас қосуы өз мәресіне жетті. Әлемнің 85% экономикасының тірегі болып отырған 20 мемлекеттің бұл жолғы бас қосуы экономикалық мәселелерден гөрі, саяси-әскери мәселелерге көбірек назар аударылды. Сонымен қатар G20 мүшелерінің арасында өткен жиыннан бөлек, мемлекет басшылары арасында өткен екі жақты кездесулердің де маңызы ерекше өткендігін атап өткен жөн.

Сонымен «үлкен жиырмалықтың» бас қосуының негізгі мәселесі ол — жалпы әлемдік қаржылық жүйесіндегі жағдай, оның стратегиялық даму динамикасы және бүкіләлемдік дағдарыстан сақтау жолдарын ұсыну. Міне, осындай конструктивті, нақты қойылған тақырыпты «жалау» еткен мемлекет басшылары, бұны шетке ысырып көбіне әлемдегі екі үлкен саяси-әскери маңызға ие тақырыпты талқылауға жөнелгенін байқауға болады. Дегенмен аталған екі мәселені айтпастан бұрын, G20 кездесуіндегі ең үлкен экономикалық жаңалықты айтуға біз міндеттіміз. Яғни ол МВФ (Халықаралық Валюта қоры) ұйымының жақын арадағы екі жылға (2016,2017) қойған болжамы: «жалпы әлем бойынша қаржы-экономикалық  даму көрсеткіші орташа есеппен 3 пайызға төмендейді. Бұл Ұлыбританияның  Еуроодақ құрамынан шығуына (Брексит) байланысты орын алатын болады»,- деп есептейді МВФ.

Ал сонымен G20 саммитінің ең өзекті болған екі мәселесіне тоқталысақ, олардың бірі Сирия, екіншісі Украина мәселесі. Аталған екі мәселеге тікелей байланысы бар АҚШ, Ресей, Түркия, Франция және Германия мемлекет басшылары арасында өткен екі жақты кездесулердің нәтижесі бойынша айтарлықтай келісімге келмеседе, келіссөздердің жаңа деңгейіне өткендігін байқауға болады. Шыңында да, Си Цзинпинь мырза айтқандай «Ханчжоуда өткен G20 кездесуі сәтті өтті» деуге келетіндей дүние болғандығы рас. Әсіресе РФ Президенті Владимир Путин үшін осы жолғы саммит басқаларына қарағанда сәттірек өтті десек те болады. Бұл тіпті ҚХР мемлекетінің Путинді ұшақтан ерекше қарсы алған сәттен бастап-ақ байқауға болады. Ал кейін Путин мырза 10 мемлекет басшысымен кездесу өткізіп үлгірді. Оның ішінде Ресеймен кикілжіңге келген Түркияның елбасысы Эрдоған, Украина мәселесі бойынша Ресейге санкция қойғандардың бірі, Франция мемлекет басшысы Ф. Олланд пен Германия канцлері А.Меркель ханым және   2015 жылдың қараша айынан бастап кездеспеген Путин  Б. Обамамен де кездесіп шықты(тіпті, Ханчжоуға келместен бұрын күнтәртібінде болмаған кездесу ).  Маңыздысы бұл кездесулер бойынша айта кететіні  Ресей Түркиямен ара-қатынасын үзбейтін болды, бірақ екі жақты достық орнатуда жақынарада көзделмейді. Ал Украина мәселесі бойынша Норманд төрттігі (Франция, Германия, Ресей және Украина) кездесуі де болмайтын секілді. Себебі, Путин келіссөздерді өткізе бергеннен пайда жоқ, егер де арнайы бір келісімге келмесек деп бір қайырды. Ал Обамамен өткен кездесу  «жабық есік» форматында 1,5 сағатқа созылғанымен Обама кездесуден кейінгі пресс-конференцияда кездесу «ашық, шынайы және іскерлік» деңгейінде болды деп атап өтті.

АҚШ президенті Б. Обама үшін Ханчжоудағы G20 саммиті осымен соңғысы. Себебі Обаманың президенттік мерзімінің аяқталуына небәрі 2 ай ғана қалды. Обама ұшағының Қытай жеріне қонудағы жанжалдардың туындауының себебі де осыдан да болуы мүмкін. Яғни қабылдаушы жақ ҚХР мемлекетінен Обамаға лайықты құрмет көрсетілмеді. Дегенмен Обама G20 саммитінің соңында берген пресс –конференцида өз мемлекетінің қауіпсіздігі үшін көерген мәселесі лайықты деңгейде бағалануға тиіс. Яғни ол әлем бойынша хакерлердің (әсересе, Ресей хакерлер тарапынан) АҚШ мемлекеттік құрылымы жүйелеріне кибератакалармен күресу бойынша әр мемлекеттермен келіссөз орнатып бір шешімін табуға жақындағандығын мәлімдеді.

2016 жылғы G20 саммитін қабылдаушы ҚХР басшысы Си Цзинпинь мырза Обама мен күллі Батысқа алдын ала үлкен ескерту жасады. Яғни, Тайвань мәселесі бойынша, «Тайвань тәуелсіздігі» үшін жасалған барлық іс-әрекетке қарсы болатындығын, Тибеттің Қытай құрамында екендігін мойындау және АҚШ-тың Оңтүстік Корея жеріне баллистикалық ракеталарды орнату ойынан бас тартуы. Себебі ретінде  Қытай өзінің стратегиялық маңызы бар аймақтарын басқа мемлекеттер құрмет тұтқандығын қалайтындығын алға тартты. Және Қытай АҚШ-тан адам құқығы үшін деген сылтаумен басқа мемлекеттердің ісіне араласуын тоқтатуды сұрады. Ал өз тарапында Б.Обама Қытайдың әлемдік мәселелерде алға тартып жүрген ұсыныстарын қолдайтындығын және де ТИБЕТ жері ҚХР жері екендігін мойындайтынын мәлімдеді.

Дастан ШЕРЕХАН

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

«БАҒДАРШАМ» БАНДИТ БОЛУДАН САҚТАДЫ

Жарияланды - 03.11.2016 0
Наурызбай аудандық «Бағдаршам» бейімдеу орталығы қызу жұмыс атқарып жатқанына міне бір айдың жүзі болды. Осы уақыт аралығына дейін қаншама қоғамға…

АҚШ Асадқа тиіспейтін болды

Жарияланды - 31.03.2017 0
Вашингтон ендігі таңда Сирия соғысына қатысты өз ұстанымын түбегейлі өзгерткен сияқты. Трамп үкіметі Сирия президенті Башар Асадты тақтан құлатуға ниетті…