«СИЫРҒА СИЫНҒАНДАР»: сиыр етін жеудің жазасы қандай?

Жарияланды at 12:02
1567 0

  Үндістан – 1,2 млрд халқы бар, шын құдайдан басқаның барлығын құдай санайтын ел. Мұнда 200 млн мұсылман мен 800 млн бақа-шаянға, ит пен мысыққа және өзгеде жануарларға тәу ететін халық тұрады. Әрине, үндістер үшін басты символ сиыр болып тұр. Былғары креслода халыққа ақыл айтатын мүйізі қарағайдай жандардың өзі мүйізді ірі қараға бас иіп, тәу етуде. Сол сиырға абайсызда тиіп кетсеңіз, шаруаңыздың біткені. Ұрып соғумен қатар, тіпті өлім жазасына кесіп, тірідей жерге жерлеп тастауы да ғажап емес. Әдетте сиырға жастайынан сиынып өскен үндіс құқық қорғаушылары, мұндай әрекетке көз жұма қарайды. Құдайына зиян келтіргенге зиян келтіру – олар үшін сауапты іс.
Дәл сондай оқиға күні кеше орын алды. Үндістанның Харьян штатында, сиыр етін жеді деген күдікке ілінген 20 мен 14 жасар мұсылман қыздары зорлық-зомбылық құрбаны болды. «Олар мені және менің отбасымды өлтіреміз» — деп қорқытты дейді 20 жасар жәбірленуші. Қылмыстың алдында қылмыскерлер оның ағасы мен әпкесін ұрып өлтірген көрінеді. Үндістанда сиыр етін жеу барлық штаттарда дерлік заңмен тиым салынған. Тек Кералы мен Батыс Бенгалия штаттарында сиыр етін жеуге рұқсат. Алайда қыз балаға зорлық-зомбылық көрсетуден көш бастайтын Дели, әйел құқығын қорғауды реттестіре алмай отыр. Жылына миллиондаған әйел «зорлау фактісі» бойынша арыз түсіреді. Ал сиыр етін жегені үшін зорлыққа ұшыраған қыздар, бұл әрекеттің нәпсі үшін емес, кек алу үшін болғаны жайлы мәлімдеді. Аталмыш оқиғадан кейін бұл елде мұсылмандар мен үндістер арасында қақтығыс орын алуда. Егер Үндістанға сапар шегу ойыңызда болса, онда сиыр етінен бас тартыңыз. Кім біледі… Құдай сақтасын!

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар