Қаймағы бұзылмаған қаракөз қыздарым-ай…

Жарияланды at 22:01
2061 3

Бүгінде қаймағы бұзылмаған қазақы, дәстүрлі отбасы көз алдымызда құрдымға құлдырауда. Қазақы тәрбие бағытынан айнып, жаппай батыстану үрдісі жүріп жатқандай.  Бұған кейбіреулер заманды, енді бірі адамды кінәлауда?! Түптеп келгенде заман емес, өзіміз кінәлі екенімізді мойындауға тура келетін сияқты.

    «Қыз өссе – елдің елдің көркі» дейтін дана қазағым, қашан да қыз баланы төбесіне шығарып, аялай білген. Сондықтан «босағада қыздың қырсығы қалады» деген ырыммен  қызын қонағындай төрге шығарған. Бұл – халқымыздың айқындайды. Сондай-ақ, қыздың ары мен тәрбиесіне бір әулет қана емес, бүтін бір рулы ел жауапты болған. Оны қыз баласы да сезіне білген. Соның арқасында дәстүрлі қазақ отбасында өзіндік тәлім-тәрбиенің ерекше үлгісі пайда болып, қариялар институты қалыптасқан. Мысалы, «қызға қырық үйден тиым» деген сөзді алып қарайтын болсақ, астарында ар тазалығы мен қатаң қағида жатыр.

Қазір өскелең ұрпақтың тәрбиесі жайлы әркім, әрқалай пікір білдіреді. «Ұлт болған соң ұйысқын» демекші, кемшілігімізді жасырып, абыройымызды асқақтатар дүниелерімізбен жар салып жүре беруде болмас. Өйкені ауыруын жасырған өлетіні тағы бар.

Соңғы кезде қазақ қыздарының өзге ұлт жігіттеріне тұрмысқа шығу дәстүрге айналғандай. Мұндай үрдіс жалғасын таба берсе, ұлттығымызға сын болып қана қоймай, ұлттың жойылу қаупі артпақ. Осы тұста көпшілік тарапынан елімізде жігітерге қарағанда қыздар анағұрлым артық, сондықтан қыздар тұрмыс құрмай оң жақта отыра беру керек пе? деген сұрақтар қойылып жатады. Бұл сұрақтың жауабын әркім өзінше тұспалдап, пікір білдіруге тырысады. Бірі екі әйел алу заңын енгізу қажет, сонда осы сұрақтың шешімі өздігінен шешілер еді десе, енді бірі бұл пікірге түбегейлі қарсы. Сонда не істеу керек?… ойланатын нәрсе. Мәселен, Түркияда шетел азаматтарының түрік қыздарымен танысуына рұқсат берілмейді. Ал, арабтар өзге ұлттарға қыздарын бермейді. Түрікменстанда жергілікті қызды алу үшін сол елдің азаматтығын қабылдап барып, сосын Үкіметке 150 мың АҚШ доллары ретінде салық төлеу қажет. Бізде осындай заңды бекітпейінше, қыздарымыз шетел азаматтарының егегінен жармасуы жалғасын таба бермек. Осы тұста үйленуге қатысты мына бір статистиканы назарларыныңға ұсына кетсек.

Елімізде жылына орта есеппен 100 мың неке қиылса, соның 20 пайызы аралас неке екен. Шетелдік күйеу балалардың басым бөлігі Франця, БАӘ, Түркия, Ресей және АҚШ пен Қытай азаматтары. Ал, осы ел азаматтарының етегін ұстаған қыздарымыздың пікіріне құлақ аса қалсаң бәрінің айтатыны мынау: «қазір қыздарды дұрыс күте алмайтын қазақ жігіттері көп, ал шетелдік жігіттер болса бізді басына көтеріп, аялай біледі» дейді. Осыған қарап, қыздар арасында «ақ боз атты ханзадасын» күтетіндер шынымен де көбейіп кеткен бе дерсің. Бірақ ақбоз атты жігіт қайсы қызға жете берсін. Сондықтан жастары 30-ға таяп, үйленбей жүрген жігіттердің айтатын сылтауы да, жаттанды. Әлеуметтік жағдайымды түзейін немесе қыз жоқ! Жігіттердің де жағдайын түсінуге болсады. Өйткені бәрлық адамның әлеуметтік жағдайы жоғары болуы мүмкін емес қой. Сонда шетелдік жігіттердің бәрі қыздар үшін қалталы, қолдарын жылы суға малып отыратындай көрінеді. Психологтардың айтуынша, байлық үшін аралас некеге баратындардың басым бөлігінде ұлтын сүю сезімі жоқ екен. Әрине, адамның кімге үйленуі – әркімнің өз еркіндегі шаруа. Алайда, «аралас неке – аз халықты жұтудың жақсы жолы» дейді Сэм Харисон.

Көрдіңіздер ме?! Аралас негенің кесірінен жер бетінде құрдымға кеткен мемлекеттер де баршылық. Кезінде бүкіл әлемдік саясат жүріп, жер бетіндегі ең сұлу қыздар француз қыздары деп ақпарат тараған. Сол ақпарат тарағаны сол-ақ, артынша дамыған мемлекеттердің еркек кіндіктілері Францияға ағылып, нәтижесінде аралас некенің әсерінен Францияда таза француз ұлты қалмады. Осындай қауіптің алдын алу үшін бізге намысшыл жігіттер мен ибалы қыздар ауадай қажет. Алысқа бармай-ақ, көрші қырғыз бауырларды алып қарайықшы, сауаттылықпен жер-жердегі ар саудасымен айналысатын қарындастарын түзу жолға салуға барын салды. Қазір жезөкшелікпен айналысып жүрген қызғыз қыздары түпкілікті жойылып кетпесе де, біршама азайған.

Біздің де азаматтардың қырғыз бауырлардан несі кем? Мен мұнымен қазақ жігіттерін көшеге шығып ар саудасымен айналысқан немесе, өзге ұлтпен қол ұстасып жүрген қыздардың бәрін видеоға түсіріп, бұзақылық жасауға шақырып жатқам жоқ. Заң аясында сауаттылықпен түсіндіріп, түзу жолға шақырсын. Сонда ұлт ретінде ұлттық құндылығымыз сақталып, Ел басымыз айтпақшы, «мәңгілік ел» болып қала бермекпіз.

Өз сөзім

Менің осы тақырыпта  мақала жазуыма түрткі болған нәрсе, мынандай еді. Осыдан бірер күн бұрын қаракөз қарындасым, көшеде өзге ұлт жігітімен қол ұстасып тұрғанын көріп, қарындасымның бетін қайтаруға ақыл-кеңесімді айтуға тырыстым. Басқаларға сабақ болсын деп видеоға түрін көрсетпей түсіргенім де жасырын емес. Ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында өзімнің әлеуметтік жіліме іліп, көпшіліктің пікірін білмек те болдым. Нәтижесінде видео 30 мың көріліп болып, жүздеген пікірлер жазылды. Сондағы бір байқағаным өзге ұлт жігіттерінің етегін ұстауға қарсы емес топтың да бары алаңдатты. Не десек те, әркім өз тағдыры үшін өзі жауапты. Біздікі тек, өз жиендеріміз өзімізге шауып жүрмесе екен деген алаңдаушылық қана.

Талғат Жанысбай

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Иньеста жарақат алып қалды

Жарияланды - 01.10.2015 0
«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста Чемпиондар Лигасының екінші турындағы леверкузендік «Байерге» қарсы кездесуде жарақат алып қалды. Испаниялық ойыншы кездесудің 60-шы…
Ержан
2016-09-26 12:50:38
Ойыңыз жөн. Пікіріңіз орынды. Енді не істемек керек деген сұрақ туады? Мұның алдын қалай аламыз?
Ақан
2016-10-05 12:10:24
Жабық тақырып болып қалмасын. Айтып отыру керек. Бізге күштеп теліткен жалған интернационализм ұғымына сын көзбен қарап, халқымыз үшін тиімсіз тұстарын əшкерелейтін уақыт жетті.
Ақан
2016-09-25 11:27:57
Қыздың шешесінің өзі қазақы тəрбие көрмесе, қазақ болмаса, онда қызы да сондай болады. Қазақ пен орыс жігіті қатар келсе, орысты таңдайды. Өйткені, қазақтың жігіттері ұят пен əдеп сақтайды. Бірақ оны бағаламай, əдепсіз қыз əдепсіз подход жасаған орыспен болғанды өзіне жөн көреді. Керісінше жағдай болғанда да сол принцип. Жақсы тəрбие көрген қыздарға жігіттер аса бата алмай жүріп, мойынға өзі орала кететін орыс қыздарын ала салады. Екі жағдайда да айта кететін бір ортақ жай бар. Орыс немесе басқа ұлт өкілдері, біздің кезкелген қыз-жігітке солай құмартпайды. Олар біздің тек ең алғыр, сұлу, мықты қыз-жігіттерізге ғана құмар.