Қуат Хамитов: Тілеуімді тілеп, тақымын қысып отыратын халқымның барына қуанамын!

Жарияланды at 14:51
1736 0

Спортқа қатысып ащы тер мен тынымсыз мехнатты кез келген азамат басынан өткеріп көре алады. Бірақ спорттың шыңына шығып, чемпион атану екінің бірінің бағына бұйыра бермейтіні анық. Рас, спорт болған соң жіңілістің ащы дәмін де, жіңістің тәтті дәмін де татасың. Спорттың ішінде нағыз ерлер ғана айналысатын – ережесіз жекпе-жекпен шұғылдануға көп адамның батылы бара бермейді. Бүгін сіздерге сұхбатын ұсынбақ баһадүріміз бір емес, екі бірдей салмақта аралас жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат Хамитов бауырымыз дүр. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей-тойы күнімен тұспа-тұс өткен жекпе-жете жеңіс тұғырынан көрініп, көк байрағымызды желбіретті де Ұлы дала елін тебірентті. Ал Ресей төрінде, қазақша ән шырқағаны бір бөлек әңгіме. Ендеше, батырымыздың жеңісті күндері болсын деген ниетпен назарларыңызды сұхбатқа бұрайық.

img_6759-21-12-16-01-07

Қуат мырза, тәуелсіздік күнімен тұспа тұс келген жеңісіңізбен құттықтаймын! FIGHT NIGHTS турнирі жайлы кеңінен айтып берсеңіз. Бұл турнирді ұйымдастырушы кімдер, сыйақысы қанша?

– Турнирді ұйымдастырушылар Ресей Федерациясы болып табылады. Азия бойынша ғана емес, әлем турнирлері қатарында бестікке кіреді. Бұл турниирде Федор Емельяненко, Расул Мирзаев және тағы басқа атақты спортшылар өнер көрсеткен. Сыйақысы Америка Құрама Штаттары ұйымдастыратын UFC тұжырымы турнирінен кем емес.

Бұл турниирде Федор Емельяненко, Расул Мирзаев және тағы басқа атақты спортшылар өнер көрсеткен.

FIGHT NIGHTS тұжырымында шыққан осы жекпе-жегіңіз жайлы айта өтсеңіз?

– Бұл кездесу рейтинг жинау үшін өткізген кездесу болды. ұйымдастырушылардан жеткен сыбыс бойынша келесі жекпе-жегімде FIGHT NIGHTS тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағына таласуға құқығым бар. Сондықтан ақпан айында өтетін кездесуіме дайындықты ертерек бастап жібермекпін.

img_6761-21-12-16-01-07

Шыны керек, сіздің жеңісіңіз тәуелсіздік күніне үлкен сый болды. Ресейдің төрінде тұрып халқыңызды ұлы мереке тәуелсіздік күнімен құттықтап қана қоймай, «Елім менің» әнін шырқадыңыз. Құттықтауды алдын ала осылай жоспарладыңыз ба?

– Ұйымдастырушылар тарапынан 16- желтоқсан күні кездесуге шығасың деп хабар келгеннен-ақ, Ресей төрінде тұрып қазақша ән орындасам деген ниет көкейімде тұрды. Бұйырып, еліміз үшін аса қастерлі тәуелсіздіктің 25 жылдық мерей-тойымен жеңіс тұғырында тұрып құттықтадым.

Білуімше, бірер жылдан бері өткізіп жүрген кездесулеріңізге бапкерсіз барып жүрсіз. Екі-үш күн бұрын өткізген кездесуңізге де бапкерсіз бардыңыз.

– «Алаш прайд» кәсіпқой спорт клубынан кеткелі жеке өзім дайындалып, ешқандай демеушілер мен бапкерсіз жарыстарға барып жүрмін. Бастысы, тілеуімді тілеп, жекпе-жекке шыққанда тақымын қысып отыратын халқымның барына қуанамын.

img_6757-21-12-16-01-07

Ресейде өткен жарыстан кейін бірден Тайландқа жол тартыпсыз, келесі жарысқа дайындалуға уақыт тығыз ба, әлде басқа себептер бар ма?

– Жекпе-жектен кейін Тайландқа барамын деген шешім қабылдадым. Өйткені жарысқа дейін де, дайындық барысында айтарлықтай жарақаттар алдым. Тіпті, сол кездесуге де шыға алмай қаламын ба деп те, қорықтым. Аллаға шүкір жарақатымнан біраз сауығып, тәуелсіздік күніне орай жарысқа бардым.  Шүкір, әуелі Алланың екінші халықтың тілеуімен қарсыласымды уақытынан бұрын жеңіп, жеңіс тұғырына көтерілдім. Сондықтан Тайландта біраз емделіп, келесі жарысқа дайындықты бастауға кірісіп кетемін. Алматыда қыс мезгілі болғандықтан күн суық, дайындық жасауға толық ашыла алмайсың. Жылы жаққа кеткенім де сондықтан.

Сыйақысы Америка Құрама Штаттары ұйымдастыратын UFC тұжырымы турнирінен кем емес.)

Ресей федерациясында өтетін FIGHT NIGHTS турнирінің келесі жекпе-жегіне жолдамаңыз бар. Сегіз бұрышқа қай айда, кіммен шығатыныңыз белгілі болды ма?

– FIGHT NIGHTS турниріне қай күні және кіммен шығатыным белгісіз. Бірақ ұйымдастырушылар келер жылдың ақпан айында өтеді деп айтуда. Бұйырса сол кезде жекпе-жекке шығамын деген ойдамын.

UFC тұжырымы бойынша жекпе-жекке шығуға шетелдік компаниялардан ұсыныс түсіп, келісім шарт жасалды ма? Бұл тұжырым бойынша  жекпе-жекке қашан шығу жоспарда бар?

– Осы кезге дейін шетелдік компаниядан ұсыныс түсіп, келісім-шарт жасалған болатын. Дегенмен ол компания белгісіз бір себептермен басқа азаматтарға сатылып кетіпті. Сондықтан  UFC тұжырымы бойынша биыл жекпе-жек өткізе алмадым. Алла қаласа 2017 жылдың соңына дейін бұл тұжырым бойынша кілемге шығамын деген ойдамын.

img_6760-21-12-16-01-07

Тайландқа өзіңізбен бірге қандай спортшылар кетті?

– Өзіммен бірге бір залда дайындалатын жігіттерден өзім ғана бардым. Негізінен еліміздің әр қаласынан дайындалуға келген жас спортшылар Тай елінде өте көп. Қазір «Алаш прайд» кәсіпқой спорт клубының атынан шығып жүрген бала кезден бірге өскен бауырым – Қайрат Ахметов осында. Екеуміз бірге дайындаламыз.

img_6765-21-12-16-01-07

Жекпе-жек барысында қасыңыздан «Mysterions» (Мистэрионс) тобының мүшесін байқап қалдық. Бұл әнші жігіт кіміңіз болады?   

– Дильен біздің «Найман Тим» деген командамыздың Қазақстандағы пиар менеджері. Ресейге бірге барғанымыз сондықтан.

Тай елінде жүріп, сұхбат беруге уақыт бөлгеніңіз үшін рахмет!

Сұхбаттасқан Талғат Жанысбай

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар