Қазақ қызының ары үшін, қарындастың қамы үшін, қазақ біткен қайрат көрсетуі тиіс!

Жарияланды at 17:44
1487 0

Қазыбек ИСА, «қазақ үні» газетінің бас редакторы:  Қазақтың қаракөз қыздарында  өзгелердің  шаруасы болмасын!

«Халықаралық жеңгетай»  Татьяна Логвиненко….  керек  болса, қытайға өзі тиіп алсын немесе сіңлілері мен қыздарын бере берсін.

 Қазақ қыздарын  қытайлықтарға  беру туралы агенттіктің  ұлттық мемлекеттің  абыройына нұқсан келтіретін, азаматтардың ар-намысына тиетін , тек қара бастарының қажеттілігі үшін істеп отырған тірліктерінің арты дауға ұласып жатуы -заңдылық.   «Грузин қыздары-грузиндерге, арабтарға емес!» — деген  Грузия азаматтарының  қарсылығын  интернеттен оқыдық.  Яғни, унитарлы ұлттық мемлекеттерде бұндай арандатушылыққа ұласатын лас әрекеттер  іске аса қоятын мәселе емес. Ал Қазақстан — ойдан-қырдан құралған құрама мемлекет  емес, біздің саясаткерлер мен имамдарға дейін  сөзінің бісмілласын бастайтындай «көп ұлтты мемлекет» те  емес, унитарлы бір ұлтты мемлекет! Нақты жағдайға қарасақ, Қазақтардың  саны қазір 70 пайыздан асып кетті.  Өтіріктің көкесі сайлау мен статистикада айтылатынын ескерсек,  65 пайыз деп, қалтырап, қатып қалған статистикаға ел сенбейді…

Өзге ұлтқа  қыз беру ғана емес, өзге ұлттан қыз алудың өзі де дәл сондай кірбің түсіріп, күмән туғызатын  жағдайға жеткізеді.   Бұған біздің бабаларымыз да бағзыдан баса назар аударған.  Кезінде  қазақтың кемеңгер биі  Әйтекенің  қазақ сарбаздары жауға аттанарда  «Ішінде қалмақтан қатын алғандары жоқ па екен»- деп, ескертетінінде үлкен мән жатыр. Сол сияқты қазір де ұлттық мүддеге зиян келтіретін әрекет жасаған саясаткерлер, қайраткерлер болып жатса, елдің алдымен,  » әйелі өзге ұлт өкілі емес пе екен»-деп жататыны сондықтан…

Ал қазақ қызы — қазақтың абыройы, ар-намысы болып келген, болып қалуы да  керек!  Желтоқсанда мұзды алаңда мұзбалақтық қайсарлық көрсеткен қазақ  қыздарының қазір ұсақталып, ұлтсызданып кетуі — 25 жылдық Тәуелсіз Қазақстанның  ұлттық идеологиясының кемшіндігі болып табылады. Мен сенімді түрде айта аламын, қара қытайдың құшағына құмартып отырған қыздардың 99 пайызы қазақ тілін — ана тілін ұмытқандар.  Ал ұлттық қорғаныстың ең бастысы — ана тілің, яғни Қазақ тілі!  Мысалы, мұндай әрекет көрші, туысқан Өзбекстанда қолға алынбақ түгілі , ойға да алынбайды!  Қолға алған өзге ұлт өкілі ертеңінде-ақ  Өзбекстанда болмайды!

Қазақ қызының ары үшін, қарындастың қамы үшін, қазақ біткен қайрат көрсетуі тиіс.  Ал әлгі қытайларға  қазақ қыздарын саудалап, пайдаға батып қалғысы келіп отырған  агенттік басшысы бұл әрекетіне жауап беруі тиіс. Заңды ғана емес, ұлттың салт-дәстүрін де құрметтеуі тиіс кім болса да… Біз  аталмыш агенттіке қарсы шыққан астаналықтарға алғыс айта отырып,  оларды  Қажымұхан Ғабдолла мен Геройхан Қыстаубаев бастаған ұлтшылдар ғана емес, бәріміз  қолдауымыз керек!  Қазаққа пайдасы жоқ  «заңдардан»  интернационалдық дәріс оқып, қытайдың  Астанадағы аталмыш агенттіктегі  агентіндей әрекет етуші  «саясаткерлеріміз»  суб-жеңгетайлықты  доғаруы тиіс.

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Түтінге тұншыққан жастар

Жарияланды - 18.02.2016 6
  Бүгінде жастар  бір сәттік  рахатқа бөлейтін дүниелерге қызығатынын байқаймыз. Оған темекі, шарап, наша секілді адамның денсаулығына зиян келтіретін дүниелер…

АҚШ жер бетінен жойылып кетуі мүмкін

Жарияланды - 08.08.2016 0
АҚШ-тың ұлттық геология қызметі болашақта құрама штатттың құрып кетуі мүмкін деген болжам жасады. Оған себеп болатын елдегі бірнеше ғасырда бір…
Диас
2017-02-03 21:55:58
Керемет нақты айтылған екен. Ех күйбең тіршілікқо, мемлекеттік қызметкермін ғой деп басты шұлғып өзімізді қашанға дейін толеранттымыз деп жұбатып отырады екенбіз... Мемлекеттің болашағын тұтастығын ойлайтын саясаткерлер бас көтеріп заң қабылдатуы керек деп санаймын. Оралман мен легионер спортшылардан өзге еш бір адам азаматтық алмасын деп. Жерімізге көз алартқан ресейдің депутатына кешірім сұратуы керек біздің билік. Осындай мәселелерге бей-жай қарау елдің билікке деген наразылығының артуына себеп боларын біздің көреген басшылармыз білмей ме екен осы....