Алаяқтардың арбауына түскен аңқау халқым-ай

0
622

Елімізде алаяқтардың саны күрт артып келетіні таңғаларлық жағдай емес. Ішкі істер министрлігіның жыл сайынғы есебінде «алаяқтық» бабымен жасалынған қылмыс саны тек «ұрлау» қылмыстық бабынан сәл ғана кем.  «Алаяқтық» қылмысы бойынша жауаптыларға тағылатын жазаның  төмен болғандығынан  ба, әлде еліміздің азаматтарын алдаудың қиындығының жоқтығынан ба әйтеуір соңғы 5 жылда дәл осы баппен айыпталғандардың саны бір түспепті. Керісіңше «таңдайымызды ашып, сендіріп» қулығын асырып кеткендердің саны күннен күнге көбеюде.  Еңдеше дәл осы жағдайдың елімізде өрбуіне бірнеше емес, мыңдаған себептер бар секілді. Неліктен десеңіз, оған тіпті алаяқтылардың біреуді арбауға, алдауға деген арам ойынан ғана емес бүкіл ғаламшар осы аляқтықтың дамуына әсер етіп отырғандай. Біреуді, не екеуді алалау ол біздің емес құқық қорғаушылардың міндеті болса, біздің міндетіміз осы саланың қарыштап дамуының себебі мен салдарын терең түп тамырын анықтау болса керек.

Еңдеше алаяқтық дегеніміз – қарапайым тілмен айтқанда, бір адам екінші адамның сеніміне кіре отырып, алдау арқылы оның мал-мүлкіне қол сұғушылық. Шыңы керек, бұл да бір үлкен өнер. Әркімнің қолынан келе бермейтін мұндай істі тек жіті дайындалған азаматтар ғана істей алады. Аз уақыт ішінде тәуекелге бара отырып атқарылған іс арқылы ондай азаматтар бір сәтте миллиондаған қаржыға ие болады. Көбіміз ондай қаражатты алаяққа берілген жазаны толық өтеп болған уақытқа дейін де жинай алмайтын соммаларда кездесіп жатады. Сондықтан болса керек ең бірінші себеп, «алаяқтық» үшін тағылған жазаның тым жеңіл болғандығында. Мәселен бұл қатарға өте қомақты қражаттар үшін арбайтын жолдарды жатқызуға болады. Мәселен пәтерлер мен жер телімдерін нарықтық бағадан тым арзан сату және соңғы жылдары көбейіп жатқан жағдай алаяқтардың қымбат көліктерді жалға алып сол көлікті бірнеше адамға сату. Естеріңізде болсын бұл жерде алаяқ адамдар өз төл құжатымен, өз атынан сізге қолхат жазып беруге дайын.

Екіншіден, жаңа технологиялардың тым тез дамуынан кейбір білімі төмен, дегенмен қалталы азаматтардың алаяқтардың құрығына оңай түсуі. Бұл қатарға кіші көлемдегі қаражаттар (5 мың-10 мың теңге) және алаяқ өзің анонмді ұстайды. Олар кез-келген ұсыныстар жасайды. Сізге телефон шалу арқылы әлдебір техниканы ұтқандығыңыз және ұтысты алу үшін қаражатты белгілі бір счет-қа аударуын сұрайды.

Үшіншіден айтуға келмеске кеткендей мәжбүр ететін зат, қазақ қоғамына жат туған-туысты, көрші ағайынды тіпті өз отбасы мүшелерінің сеніміне кіріп қарызға қражат алу, кредитке алып беруін сұрау, кепілдікке мүлкін қойдырту арқылы бірнеше адамнан қарыз алып із-түссіз жоғалу.

 

Ескертпе:

Бұл мәселенің қатты өрбуіне әлеуметтік желілерде, жаңалық беттеріндегі түрлі жағдайлардың орын алуына байланысты шығып отыр. Құрметті сайт оқырмандары осы алаяқтардың құрмауына түспес үшін тиянақты ойланып, сенімді адамдардан кеңес сұрап , тіпті заң қызметкерлерінің көмегіне жүгінуден қысылмаңыздар. Себебі сіздің еңбекпен  тапқан қаражатыңызды алаяқтың өзі қайтармаса не мемлекет, не банктер қайтармайтының ұғынған жөн

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*