Лүпілдің (лайк) аз болуы – жүйкеге аса қауіпті

Жарияланды at 22.02.2017
836 0

Технологияның дамыған заманында өмір сүріп, әлеуметтік желіге тіркелмеген болсаң күлкілі сияқты. Егер, интернет пен әлеуметтік желіде отырмайтын жан көрсеңіз, заман ағымынан артта қалып қойған адам көргендей, таңырқай қарайтынымыз тағы бар. Не десек те, желіде отырып әр түскен суретіміз бен жазған жазбамызға қанша лүпіл (лайк) басылды екен деп, сәт сайын қарап отыратынымыз жүйкеге әсер ететінін білгеніміз абзал.

Картинки по запросу лайк

Психологтардың айтуынша, соңғы кезде, адамдар арасында жүйкесі сыр бергендер көбейген. Оған әлеуметтік желілердің де үлкен үлесі бар көрінеді. Әлеуметтік желіде отырып, жүйкесін жаралайтындарды екі топқа бөлуге болады. «Еркек және әйел» деп. Бір қызығы еркектерге қарағанда қыздардың жүйкесіне көп салмақ түседі екен. «Инстаграм», «ВКонтакте» және «Фейсбук» сияқты әлеуметтік желілерге жігіттерге қарағанда, үш есе суретті көп жүктейтін осы нәзік жандар көрінеді. Ал жігіттер жағы болса, керсінше. Жігіттер суреттен кенде қалса да, жазба (пост) жазудан қыздарға қарағанда екі есе көп жазады екен.

Картинки по запросу лайк вконтакте сердечко

Мамандардың зерттеуі бойынша: көп қыздар желіге салу үшін түсетін суретін он қайтара түсетін көрінеді. Сөз басында айтып өткендей жүйкенің жұқару әсері осыдан басталады екен. Суретті әлеуметтік желіге жүктеп болған соң, әр басылған лайкке қарап отыру жүйкеге түсіретін салмақты ана ғұрлым жоғарылататын болып шықты. Лайк саны аз болған сайын менің суретім дұрыс шықпай қалды ма, әдемі емеспін ба? деген сияқты сұрақтар адамның өз өзін тежеуге алып келеді!-дейді мамандар. Ерлер жағы суретіне лайк аз басылыпты деп көңіл бөлмесе де, жазған жазбасының лайк санын санап отыруы әдетке айналып үлгерген.

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕР САТУ: Күдік пен Үміт

Жарияланды - 18.04.2016 0
Осы жылдың 30 наурыз айында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев  1 шілдеден бастап 1,7 миллион гектар жерді жергілікті атқарушы органдар…

Келеңсіз көше аттары

Жарияланды - 17.02.2016 2
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде, БАҚ-тың жаңалық беттерінде Алматы қаласының көшелеріндегі ескіріп кеткен және есімі берілмеген көшелерге жаңа ат қою жөнінде…

Жерар Депардье мұсылман болды

Жарияланды - 08.12.2015 0
Әлемге әйгілі француз кино жұлдызы Жерар Депардье жаңа кітап шығарып, онда өзінің орыс халқы мен Ресей президенті Владимир Путинге қатысты…

В Кызылорде снизится стоимость жилья

Жарияланды - 01.12.2015 0
В Кызылорде запускают в эксплуатацию домостроительный комбинат, передает 24.kz. Возведение жилья в новых микрорайонах станет проще и дешевле, говорят на…