АЙДОС САРЫМ: ОРЫС ТІЛДІЛЕРДІҢ 60%-Ы ЕЛДЕН КЕТУГЕ ДАЙЫН!

Жарияланды at 13:15
1784 0

          Ел ішіндегі миграциялық үрдістерге көз жүгіртер болсақ, жыл өткен сайын статистика бойынша елден кетушілердің саны артып барады. Мысалы, 2016 жылы елден 34965 азамат шет елге аттанып, 2015 жылмен салыстырғанда 16,4 пайызға артық болған екен. Оның ішінде 28 677-і Ресейге қоныс аударса, Германияға 2 637, Белорусқа 393, АҚШ-қа – 228, Польшаға – 173, Канадаға – 168 адам кеткен.

            Осы орайда аталмыш мәселеге қатысты саясаттанушы Айдос Сарым өз пікірін білдірді: «2016 жыл миграция тұрғысынан өте жаман жыл болды. Себебі елімізге келгендерден қарағанда кеткендердің саны басым болды. Соңғы 2-3 жылдағы елдегі террорлық актілер, девальвация, ертеңгі күнге деген сенімсіздік т.б мәселелелер осы статистиканы арттыруға ықпал етіп отыр. Міне аталмыш келеңсіздіктердің салдарынан Қазақстан елі адамдарды тарту жағынан рейтингісін төмендетіп алды. Сонымен қатар әлемдегі түрлі жайттар, оның ішінде Украинадағы жағдай көпшілік тұрғындарды ойландырып қойды. Кетуге дайын отырғандардың көпшілігі елдегі жағдайды жіті бақылап отыр. Егер оларға бірнәрсе жақпай қалса, ертең-ақ қоныс аударады. Ал «көшу» идеологиясы бұл меніңше дұрыс емес. Саясаттанушының пікірінше, еліміздегі 60% орыс тілді тұрғындар – потенциальды мигранттар. Олардың көпшілігі ерте ме кеш пе әйтеуір елімізден кететіндігін біледі. Ал қалған 40%-ы таңдауды Қазақстанға беріп, өз тарихи отаны ретінде санайды. Сондықтан келеңсіз жайттарды азайту үшін эффективтілікті жоғарлату қажет. Қарапайым тұрғыда елден кеткелі жатқан азаматтар не үшін кетіп бара жатырсыз деп те сұрамайды. Егер сапалы әлеуметтік сауалнама жүргізілсе, миграциялық біраз сұрақтар шешімін табушы еді.  Кетіп жатқандардың дені өз ісінің мықты мамандары. Екіншіден, әр миграция, жаңа миграция толқынына әсер етеді».

   Әлеуметтанушы Гүлнар Елеуованың пікіріне құлақ түрсек, «Ресейге аттанушылардың көпшілігі зейнет жасына тақалғандар дейді. Ресеймен шекаралас қалалардағы тұрғындардың кетуін зейнетақы жасымен тікелей байланыстыруға болады. Себебі, екі елдегі зейнетке шығу жасы екітүрлі. Ал миграцияның өткен жылғымен салыстырғанында санының артуында тұрғанда еш нәрсе жоқ. Ол обьективті процесс.»

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Димаш 9-кезеңде 2 орын алды!

Жарияланды - 10.03.2017 0
Димаш Құдайберген «Singer2017» ән байқауының тоғызыншы кезеңінде екінші орыннан көрінді. Ол бұл кезеңде «All by Myself» әнін орындаған болатын. All…

Маңғыстауда – Пір Бекет

Жарияланды - 04.02.2016 2
«Мәдинада – Мұхаммед, Түркістанда – Қожа Ахмет, Самарқандта – Саид Ахмед, Бұқарада – Шейх Ахмед, Маңғыстауда – Ер Бекет» деген…

Өмірге қажет кеңестер

Жарияланды - 15.03.2016 0
* Өз өміріңізді өзгенің өмірімен салыстырмаңыз. Ол адамның қандай өмір жолын жүріп өткенін сіз қайдан білесіз?! * жағымсыз ойларды және…