Еуропадағы ең төменгі жалақы — 470 еуро немесе 156 мың теңге

Жарияланды at 16:32
1015 0

Еуроодақ құрамындағы 22 елдің 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ең төменгі жалақы көлемі белгілі болды. Негізінде елдер аздап өсу үрдісін сақтап қалған, алайда кейбір елдерде ол төмендеген, деп хабарлайды Eurostat.
Ең жоғарғы көрсеткіш Люксембургте (1999 еуро), Ирландияда (1563 еуро), Нидерландыда (1552 еуро), Бельгияда (1532 еуро) және Германияда (1498 еурo) байқалып отыр.
Ең төменгі жалақы мөлшері айына 500 еуродан аспайтын елдер қатарында Чехия (407 еуро), Венгрия (412 еуро), Хорватия (433 еурo), Словакия (435 еуро), Польша (453 еурo) және Эстония (470 еурo) бар.
ЕО-ғы ең жоғары айлық жалақы ең төменгі жалақы деңгейінен он есе артық, ал егер түрлі елдердегі баға деңгейлері айырмашылықтарын ескермейтін болсақ, бұл арақатынас 1:3 көрсеткішті құрайды.
2008 жылмен салыстырғанда ең төменгі жалақы көлемі Болгарияда (+109%), Румынияда (+99%), Словакияда (+80%) өскен. Эстонияда өсім деңгейі 69%, Латвияда — 65%, Литвада — 64% құрайды. Осы кезең ішінде ең төменгі жалақы мөлшері төмендеген бір ғана ел – Греция (-14%).
Ең төменгі жалақы мөлшері ЕО-тың үш елінде ғана орташа табыстан 60% артық: Португалия (64%), Франция және Словения (62%-дан). Латвия және Литва елдерінде бұл көрсеткіш 52%-ды, Эстонияда — 40%-ды құрайды.
Австрия, Дания, Италия, Финляндия, Швеция және Кипрда мемлекет ең төменгі жалақы мөлшерін белгілемейді.

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

ЖАСТАР ЖӘРМЕҢКЕДЕ БАС ҚОСТЫ

Жарияланды - 01.06.2017 0
Алматы — алып шаһар. Қалада 90 мыңнан астам студент жастар бар. Демек 90 мыңды қабылдай алатын жұмыс орындары да болуға тиіс. Шындығында…

Павлодарда нан қымбаттап кетті

Жарияланды - 07.06.2016 0
Павлодар қаласында бір аптаның ішінде әлеуметтік нан екі рет қымбаттады.  Қазіргі таңда облыс орталығына нанның «тау-нан» сұрыбын «Павлодар нан-тоқаш комбинаты»…

Біз «Түркіміз» бе, «Түрікпіз» бе?

Жарияланды - 20.06.2016 0
Оқырман назарына Massaget.kz сайты жариялаған көрнекті жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым, филология ғылымдарының докторы, Мемлекет сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстанның…