Қазақстанда қайырымдылық бар ма?!

0
406

       Қазақстан постсоветтік аймақта Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін (МБЖЖ) енгізген бірінші ел болып табылады.Бұл бағдарлама Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіне не баланың атына білім беру жинақтау шотын ашып, оны келешекте Қазақстанда немесе шет елдерінде техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу үшін пайдалануға мүмкіндік береді.
МБЖЖ бағдарламасының артықшылықтары:

 

Мемлекеттік сыйлықақы 5%,7%

 

+ Банк сыйақысы 14% —ға дейін

 

= Салым бойынша табыстылық     19 %-21%

 

Осы бағдарлама аясында әртүрлі қайырымдылық бағдарламалар жүзеге асуда. Олардың бірі «Қайырымдылық эстафетасы», яғни еліміздің бетке ұстар азаматтары балалар үйінің тәрбиеленушісіне білім депозитін ашып, келешекте кәсіби маман болуына ықпалын тигізеді:

  • 2015 жылы Олимпиада ойындарының жеңімпазы – Серік Сәпиев «Қайырымдылық эстафетасына» жол ашты;
  • 2016 жылы Олимпиада ойындарының жүлдегері — Василий Левит эстафетаны жалғастырды , осы жылы ауыр атлетика спортына еңбегі сіңген шебер — Илья Ильин эстафетаға қатысып, тағы да бір баланың қуанышына бөленді.

Бұдан басқа да, бағдарлама аясында қайырымдылық жобалар жүзеге асуда.

Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылы Білім және ғылым министрлігі мен «Бөбек» Қоры арасында қайырымдылық көмек туралы келісімшарт жасалған. Нәтижесінде аталған Қор балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан 7 мың 770 балаға білім беру депозитін ашты.

Мұнан бөлек, 2015 жылы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен «Өзіңнен баста!» қайырымдылық акциясы қолға алынды.

Сол секілді 2015 жылы «Нұр Отан» партиясымен бірлескен акция да жүзеге асты. Осының арқасында жетім және асыраушысынан айырылған, қамқоршылыққа алынған 2 мың 77 балаға білім беру жинақтары ашылды.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*