ӘСКЕРИ КУРСАНТТАР ОЛИМПИАДАҒА ДАЙЫН

1
806

Кеше Сантк-Петербург қаласында болатын халықаралық олимпиадаға қатысу үшін  Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің әскери кафедрасында ағылшын тілі бойынша жарысқа дайындық басталды.  Жарысқа  ағылшын тілін еркін меңгерген, қалалық олимпиададан бас жүлде алған Құрлық әскерлері әскери институты мен Радиэлектроника және байланыс әскери институтының 2  курсанттары қатысатын болады. Аталған курсанттармен Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті әскери кафедрасының профессор-оқытушы құрамы күнсайын дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дайындалу үшін негізгі тапсырмалар — әскери тақырып бойынша эссе, монологиялық және диалогиялық сөздер жазу, таныстыру рәсімі мен пікірсайыс айту. Сонымен бірге, жарыс барысында ағылшын тілінде өзінің білімін сауатты және тез, ұтымды жауап беріп, шығармашылық тапсырманы берілген уақыт бойынша аяқтауы тиіс. Олимпиадаға дайындық кезеңнің бірі «Қарудың бұқаралық жеңілісіне қарсы және қарсы емес» тақырыбы бойынша пікірталасқа түседі.


Аталған іс-шара ағылшын тілінде әскери терминологияны дамыта отырып, әскери дайындықта тәжірибелік дағдыларын арттыруға септігін тигңзеді. Сондай-ақ  халықаралық олимпиада  жоғары оқу орындары арасындағы шығармашылық байланысты орнатады. Халықаралық олимпиадаға наурыз айының соңғы аптасында курсанттар Сантк-Петербургке аттанбақ.


Алматы қаласының қорғаныс істері
жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

1 пікір

Пікір қосу

*