Үржар ауданында Қабанбай батырдың алып ескерткіші тұрғызылды.

Жарияланды at 13:54
1199 0

Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерекесі аясында біртуар қазақтың ұлы, ірі қолбасшы, қоғам және мемлекет қайраткері, тұңғыш елші, хан батыр  — Қаракерей Қабанбай батырымызға Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мейрамында хас батырдың 325 жыл толуына арналған еңселі ескерткіштің тұсаукесері болды. Ескерткіш туған жері Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданының орталық алаңында орнатылып, бой көтерді.

Шараға Үржар ауданының әкімі, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, аудандық ардагерлер кеңесі мен зиялы қауым өкілдері, Алып шаҺар Алматыдан жоба авторы, Алматы қалалық мәслихаттың III, IV,V- шақырылымының депутаты, Қазақстан Республикасы мәслихаттарының құрметті депутаты, Алматы қаласы қоғамдық кеңесі мәдени саясат комиссиясының төрағасы, қоғам қайраткері, идея авторы – Шалабаев Құсман Кәрімұлы бастаған бір топ делегация қатысты.

«Теңдесі жоқ ерліктің символындай бұл ескерткіш елге керек,  келешек ұрпаққа керек, қазақтың ынтымақ-бірлігі үшін керек. Бұл ескерткіш – халқымыздың қаhармандығы мен бірлігінің куәсі. Жас ұрпақты патриотизмге баулуда баға жетпес үлгі-өнеге болып қалатындығы сөзсіз» , — деді Үржар ауданының әкімі Серік Зайнулдин. Сонымен қатар, ескерткіштің тұрғызылуына мұрындық  болған, өз қаржысына ескерткіш орнатқан Құсман Кәрімұлы Шалабаевқа аудан халқының атынан алғыс білдірді.

Мүсінін жасаған Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі, елімізге танымал мүсінші Болат Далбасұлы Құсайынов.  Батыр ескерткішінің биіктігі 10 метр, гранит тастан қашалып жасалған. Осы атқарылған жұмысы үшін мүсінші Болат Құсайынов Үржар ауданы мәслихатының шешімімен Үржар ауданының  Құрметті азаматы атағын алды. Жоба авторлары батырдың бейнесіне ерекше назар аударған. Өйткені шайырдың бейнесі әдеттегідей аттың үстінде емес, қасқайып тік тұр.

«Жер-жерде атпен тұрған батырлардың барлығы бір-біріне ұқсас, ажырата алмаймыз. Тек қана батыр деген аты ғана. Тіпті ат пен батырдың бейнесі бір – біріне сәйкес келмейді. Сондықтан біздің ескерткішке берген образымыз, соңғы түйіндеген ойымыз – білектің күші, найзаның ұшы. Осындай әсермен жасалған образдық дүние болып шықты» — деді жоба авторы Құсман Шалабаев.

Сонымен қатар, мереке барысында Қазақ халқының ұлы қолбасшысы Қаракерей Қабанбай батырға арналған ғылыми – танымдық конференция өтті. Сәйкесінше ауыл жұрты мен қонақтарына батырдың рухына арналған ас берілді. Айта кетейік, биыл Үржар жұртшылығы Батыр бабамыздың 325 жылдығын атап өтпекші.

 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚ ПЕН ҚЫМЫЗ

Жарияланды - 05.12.2016 0
Қазақты қазақ ететін қымыз, қымызды қымыз ететін қазақ. Сонау түп тамырымыз саналатын сақтардың өзі сары қымызды сабасымен төңкере ішіп, төрткүл…