Қазақстанның халық артисі Әшірәлі Кенжеевті еске алу кеші өтеді.

0
307

 

Баспасөз баяны

30 сәуір күні  М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрында  Қазақстанның халық артисі Әшірәлі Кенжеевті еске алу кеші өтеді.

Өтетін орны: М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры (Үлкен зал)

Өту уақыты: 30 сәуір, 2017 жыл.

Басталуы: 18.30.

Әшірәлі Кенжеұлы 1946 жылы 6 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы, Көлтоған ауылында дүниеге келген. 1964 жылы Алматыдағы Құрманғазы атындағы өнер институты театр факультетінің актер бөліміне КСРО халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның шеберханасына түседі. Студент кезінен-ақ ерекше дарынымен танылған Ә.Кенжеұлы институттың 4 курсында оқып жүріп, М.Әуезов атындағы драма театрына қызметке қабылданады.

Сол жылдардан бері Ә.Кенжеұлы 33 жыл бойы  театр өнеріне жан аямай қызмет етті, осы театрдың сахнасынан түспеді. Шығармашылық ғұмырында ол Қозы («Қозы Көрпеш-Баян сұлу»), Алшағыр («Қарақыпшақ Қобыланды»), Көтібар («Айман-Шолпан»), Кеңгірбай («Еңлік-Кебек»), Абай («Абай-Әйгерім»), Шоқан (Шоқан Уәлиханов), тағы да басқа бейнелердісәтті сомдап,  шебер ойыны көрермендер жүрегіне ұялады.

Әшірәлі Кенжеұлы жасаған жүзден аса кейіпкерлерінің әрқайсысы өзіндік дара мінез. Болмысымен ерекшеленеді, әр ролінде актердің өзіндік қолтаңбасы бар. Шебер сахнагердің шығармашылығының соңғы кезеңінде орындаған Мард («Томирис»), Құнанбай («Абай-Тоғжан») бейнелері айрықша көзге түсіп, мамандар тарапынан жоғары баға алды. Өнер үшін туып, сахна үшін жаралған жайдары мінезді, адами қасиеттері жоғары Ә.Кенжеұлы барлық ортада сыйлы болды, айналасындағылар құрмет тұтты.

Ол 1982 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, 1998 жылы Қазақстанның халық артисі атағын алды.

Байланыс телефондары: 8 (727) 394 65 45, 8778 884 86 91

 

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*