«ДҮЙСЕНБІЛІК ФУТБОЛ-2017» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

0
589

«Дүйсенбілік футбол-2017» базар жастары арасындағы мини-футболдан өтетін ашық турнирдің кезекті маусымының салтанатты түрде ашылуы 17 сәуірде, НарХОЗ университеті алаңында өтті. Ашылу салтанатына қаламыздағы ең ірі 24 базардың ойыншылары қатысса, турнир барысында олардың саны 40-қа жетеді деп күтілуде. Қалалық спортты дамытуға арналған бұл жобаның ұйымдастырушысы — «Болашақ» Республикалық Қозғалысы мен «Жастар Үні» Жастар қоғамдық бірлестігі. Сонымен қатар жарыс Алматы қаласы әкімдігі, Жастар саясаты басқармасы қолдауымен өткізілмек.

Бұл спорттық жарыстың мерзімі 3 айға созылып, 1000-ға жуық жастарды қамтиды. Жарыс ұйымдастырушылары базарда жұмыс жасайтын қызметкерлер мен жұмысшы жастарды ыңталандыру үшін турнир жеңімпаздарын қаржылай және бағалы сыйлықтармен мараппатайтын болады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн теңгені құрап, соның ішінде жүлделі орындардың бірін женген команда, яғни 1-орын – 300 мың теңге, 2-орын – 150 мың теңге, 3-орын – 75 мың теңгені  қанжығасына байлайтын болады.

Жарыстың нышаны мен мақсаты – ауылдан қалаға арман қуып келген, ресми жұмыс орнын таба алмай жүрген, не кәсібін өрге домалатып отбасысын асырап отырған жастардың басын біріктіріп, күнделікті күрбелең өмірдің қамы деген ойдан бір сәтке ұмытқыздыру. «Дені сау ұлт көшбсшы» деп ұрандаған «Дүйсенбілік футбол–2017» турнирі, ұлт болашағы болып саналатын жастарды, салауатты өмір салтын ұстауға шақырады.

Д.ШЕРЕХАН

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*