Қарымды қалам иелері – Сыр өңірінде

0
374

Дәл қазір Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жоғары оқу орындарының студенттері арасында журналистика мамандығы бойынша дәстүрлі IX республикалық пәндік олимпиада өтуде. Білім сайысында республиканың әр өңірінен 13 жоғарғы оқу орнынан жалпы саны 36 білімгер бақ сынауда.

Болашақ журналистер алдымен оқу ғимаратында орналасқан «Археология және этнография», «Елбасы және Тәуелсіз Қазақстан» оқу-көрме залдарымен танысты. Сыр өңірінідегі тарихи мекендер туралы мол мағлұмат алып, тұңғыш президенттің Қызылордаға келген сапарынан фотогалерия арқылы хабардар болды. Сондай-ақ, студенттер олимпиада шеңберінде білім ұясындағы «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік зертханасында болды.

Түстен кейін поэзияға құмар жастар оқу орнындағы журналистика мамандығының 20 жылдық мерейтойы аясында жас ақын – 4 курс студенті Мақсат Дауылбай мен 2 курс студенті Бақытбек Сұлтанбейбарыстың шығармашылық кешіне қатысады.

Айта кетейік, Қорқыт баба атындағы 80 жылдық тарихы бар университет былтыр ғана әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен VІІІ пәндік олимпиадада 1-ші орынға ие болып, дәстүрлі бәсекені Қызылордада өткізу құқын жеңіп алған болатын.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*