КУРСАНТТАР ҚАН ТАПСЫРДЫ

0
208

Өткен аптада Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының мұрындық болуымен Алматы қаласындағы Қан тапсыру орталығында «Адамдарға өмір сыйла» атты акция болып өтті. Аталған акцияға ҚР ҚМ Әскери техникалық мектептің 25 тыңдаушылары қатысып, Қазақстан Республикасындағы  мүгедектер мен ауру балаларға көмек ретінде қан тапсырды.Сондай-ақ акцияға ҚР ҚМ ӘТМ оқытушылары мен офицерлері қде қатысты. Акцияның әрбір кезеңінде қан тапсыруға ниетті  ӘТМ тыңдаушылары көбейіп келеді. Аталған акцияны өткізу идеясы ҚР ҚМ ӘТМ  қызметкерлері мен курсанттарының бастамасы болатын. ҚР ҚМ ӘТМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары майор С.А.Қуатовтың айтуынша «қан донорына зәру мүгедектер  мен ауру балаларға өтеусіз донорлық-патриотизмді   тәрбиеленушілер арасында дамыту үшін үнемі қолға алмақпыз. Бұл тек қана Отанын ғана қорғап қалмай, кез келген азаматқа қол ұшын соза білуді үйретеді».


ҚР ҚМ Әскери техникалық мектебінің тәрбиеленушісі Сандалов Батырхан Нұрсұлтанұлы «Менің қанға зәру адамдар мен балаларға көмектескім келді. Бұл Қазақстан Республикасында тұрып жатқан әрбір ер  азаматтың парызы деп білемін. Егер көмегім риіп жатса мен үшңнқодан асқан мақтаныш жоқ» деп жүрекжарды лебізін білдірді.
Отанын қарумен қорғап жүрген азаматтар арасында патригтизмді одан әрі арттыру мақсатында осындай шаралар жалғасын таба бермек.

     Қарлығаш МҰСАБЕКҚЫЗЫ

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*