АНАР АТАНБАЕВА, студент: МЕНІҢ ЕРЕКШЕЛІГІМ, ШАШЫМНЫҢ ҰЗЫНДЫҒЫ

Жарияланды at 15.05.2017
972 0

ХІХ-ХХ-ғасырда қазақ қызы десе, бірден қолаң шашты, шолпысы сыңғырлаған бұрымды қыздың еске түсетіні белгілі еді. Өкінішке орай, қазір ондай теңеу келмеске кетті. Бірақ бұрымы беліне түсетін қазақ қыздары әлі де жоқ емес. Мысалы, біз сұхбаттасқалы отырған бүгінгі кейіпкеріміз нағыз қазақ қызына тән, бұрымды ару. Кейіпкеріміз, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің қаржы мамандығының 2-курс студенті. Ұзын шашын қанша уақыттан бері өсіріп келеді, оған қалай күтім жасайды? Осы және тағы басқа сұрақтар төңірегінде әңгіме өрбітіп көрсек.

Қазір шашыңыздың ұзындығы қанша сантиметр? Жалпы қай жасыңыздан бастап өсіріп келесіз?

Шашымның ұзындығы 1 метр 40 сантиметрге жетіп қалды. Тек айына бір рет ұшын түзулетіп, кестіремін. Онда да, үйде анам кесіп береді. Шаштаразға барсам, артығымен кесіп қоятын жағдарлар жиі кездесіп тұрады. Сондықтан анамның өзі ғана қайшы тигізеді. Өсіру жағына келсек, тоғыз жасымнан бастап, өсіріп келемін.

Шашыңызды анаңыз қиып береді екен. Демек, шашыңыздың ұзын болуына анаңыз тікелей ықпал жасаған сияқты ғой?

Анамның шашы жас кезінде ұзын болған. Анама қарап қызығып, әрі анамның айтқанымен өсірдім десем болады. Қазір шашымның ұзын болуына себепші болған анама тек алғыс білдіремін.

Кейде шашыңызды кестіріп тастайын деген ой мазаламай ма?

Мектеп жасымда қыстартып тастаймын деген ой болған. Бірақ сол кезде әкем қарсы болып, жол бермеген еді. Қазір қысқартпағаныма қуанамын. Сол кезде бабалықпен кескенімде, бүгін өкініп жүрер едім.

Ұзын шаш болған соң, күтім жасау жағы оңайға соқтырмасы анық. Сіз, шаш күтімін қалай күтесіз?

Мамандардың нұсқауы бойынша шаш күтімінің түрлі жолдары бар. Өзім аптасына екі рет  шашыма айран жағып, 30 минут орап ұстаймын. Сондай-ақ, шашымды жуғаннан кейін фенді қолданбаймын. Және шашым су болған кезде тарақпен тарамаймын. Осы сияқты қарапайым қағидаларды ұстанамын.

Көшеде ұзын шашты аруларды көп кездестіре бермейміз. Көшеде Сізді көрген кісілер қызығып, сұрақ қойып жататын кездері жиі болатын шығар?!

 Әрине, көшеде көрген кісілер шашымның ұзындығына тамсанып  негізінен, бишісіз ба? деген сұрақты көп қояды. Кейбір үлкен кісілер, қарағым: шашыңа немесе мойныңа көзмоншақ тағып жүрсеңші… «көз тиеді ғой!» деп ақылдарын айтып, арқамнан қағады.

Шашыңызды бояйсыз ба?

Шашымның түсі, қоңырлау болғандықтан қараға екі рет бояп көрдім. Әр бояған сайын бес қорапша бояу жаратамын (күлді).

Бұрымы ұзын, ерке-сылқымға көз тастамайтын жігіттер жоқ шығар?!

Шашым мен бойымның ұзындығына қызығып, танысуға ұмтылатын жігіттер жиі кездесіп тұрады. Қазақ қыздарының бәрі керім, бәрі сұлу деп ойлаймын.  Әр қыздың бір тартымды ерекшелігі болады. Менің ерекшелігім, шашымның ұзындығы шығар…

Сұхбаттасқан Талғат Жанысбай

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

XXXI ЖАЗҒЫ ОЛИМПИАДА ҚАЛАЙ ӨТПЕК? БРАЗИЛИЯДА неге МИТИНГ?

Жарияланды - 17.05.2016 0
Бразилия президенті Дилма Русефке импичмент қабылданғаннан кейін, жалпы халықтық ереуілге шығу белең алды. ТАСС халықаралық ақпараттар порталының хабарлауынша, Бразилия астанасында(Бразилиа),…

Марстағы өзеннің суреті жарияланды

Жарияланды - 16.01.2016 0
Ғаламторда Марстағы көне өзен арнасының суреті жарияланды. Аса жоғары сападағы суретте оның Марс картасындағы орны белгіленген деп хабарлайдыinform.kz. Сурет 2015…
Жансая
2017-05-15 18:05:00
Осындай кыздардын болганы кандай жаксы, казыр окып отырып карапайымдылыгына, сулулыгына танкалып отырмын, осындай казак кыздары коп болсын курбым болгандыктан булай жазып отырган жокпын; осындай курбым болганымен мактанам, гордость КазНу