Жау жағадан алғанда, бөрі етектен тартуда!

0
425
People receive serum at the St. Nicholas hospital in Saint Marc, Haiti, Thursday, Oct. 21, 2010. Health officials said an outbreak of severe diarrhea has killed at least 54 people and sickened hundreds more while patients have been lying on blankets outside the crowded hospital and doctors are testing for cholera, typhoid and other illnesses that could have caused the outbreak.(AP Photo/Dieu Nalio Chery)

«Йемендегі гуманитарлық жағдай адам шошырлық» деп атады МККК директоры Доминик Стиллхарт ел астанасы Сана қаласындағы арнайы конференцияда.
Ол азаматтық соғыс жалғасып жатқан Йеменде холера ауруы өршіп тұрғанын жария етті. Ауру су жолы арқылы тарап, 8,5 мың жанға жұғып үлгерген. Дәл осындай жол арқылы мемлекеттегі 22 мухафаздың (облыс) 14-не жетіп індет таралған екен.
«Ауруханаларда бір адам жатуға тиіс жерде, төрт немесе оданда көп жан жатыр» деп мәлімдеді Стиллхарт.
Бұл осы жылда екінші мәрте холера ауруының тарауы. Бір апта ішінде бұл індеттен 115 адам көз жұмған. Әскери операциялар өрбіп жатқан аумақтарға медициналық көмек жеткізу мүмкін болмай отырғандықтан, алдағы уақытта құрбандар саны әлдеқайда көп болуы мүмкін.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*