Индонезия ұлтшылдары: «Қытайлық байларды елден қуып шығамыз!»

0
1369

Индонезияның ұлттық фетв қозғалысының лидері (GNPF-MUI) Бахтияр  Насир елдегі ең басты мәселенің бірі саны аз бола тұра қытайлық этностың тым ауқатты тұруы деп атады. Индонезияда қытайлықтардың үлесі бар болғаны 5% құрайды. Соған қарамастан олар өте көп қаражат пен ықпал ету күшіне ие көрінеді. «Біздің келесі мақсатымыз толық экономикалық тәуелсіздік» деді Насир. «Мемлекет ешкімге, әсіресе Қытайға сатылмауы үшін күш біріктіруге тиіспіз. Қытайлық байларды елден аластату керек» деген ойын да жасырмады. Сонымен қатар ол алдағы таңда елдегі ішімдік сату мен жезөкшелікке, гомосексуализмге қарсы күрес кіретінін де жасырмады. Reuters агенттігінің хабарлауынша, GNPF-MUI – Индонезиядағы аса беделді исламдық ұйым саналады. Оның мүшелері өткен жылы ел астанасы Джакартаның губернаторы Басуки Чахаяның бойында қытай қаны ағып жатқаны үшін үлкен ереуілдер өткізген еді. Сонымен қатар оны қасиетті Құранды мазақ қылды деп те айыптаған болатын. Биыл Басуки Чахая екі жыл бас бостандығынан айырылды.

Дереккөз: newsru.com

 

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*