Жастарға арналған жоба терең талқыланды

0
233

Бүгін Алматы қаласындағы жастар саясаты мәселесі ел ағаларымен қоғамдық кеңес аясында кеңінен талқыға түсті. «Алматы қаласы жастарын қолдаудың 2017-2020 жылдарға арналған Жол картасы» жобасын терең талқылау болды. Талқылауға жобаны таныстыру үшін Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Шыңғыс Бескемпіров қатысып, жобаның мақсаты мен міндеті ашық айтылды. Жоба негізгі бес бағыттан тұрады екен. Олар:
1. Сапалы білім беру;
2. Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту;
3. Мәдени және салауатты демалыс;
4. Тұрғын үймен қамтамасыз ету және жас отбасыларды қолдау;
5. Белсенді жастар қаласын қалыптастыру шаралары.
Қаламызда 14-35 мың арасындағы 777909 азамат бар екен. Бұл қала халқының 45,20%. Осыншама жасты барынша қолдап, жарқын болашақ қалыптастыру жолында аталмыш жоба кең талқыға түсті. Шаһарымызда 38 ЖОО мен 84 колледж бар. ЖОО-на 94 жатақхана тиесілі болса, колледждерге бар –жоғы 8 жатақхана тиесілі екен. Осы мәселені реттеу үшін жоба аясында 2020 жылға дейін қосымша 12 жатақхана салу көзделген. Ол үшін тіпті жер тауып беру мәселесі де қарастырылған екен. Сонымен қатар жатақханалардың деңгейі мен сапасын көтеру шаралары да жүзеге асатын болады. Өйткені ЖОО-рындағы 80% жатақханалар өмір сүруге жарамсыз жағдайда көрінеді.
Екінші ірі мәселе ЖОО орындарындағы жемқорлық мәселесі болып отыр. Осы мәселені де реттеу жобада қарастырылған. Ол үшін арнайы ұялы байланысқа арналаған бағдарлама(приложения) жасалынатын болады. Сол арқылы жастар ЖОО орындарындағы жемқорлықты құзырлы органдарға айтып отырмақ. Идеяны жасау үшін құны 1 млн тұратын курс жарияланбақ.
Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін азайту да басты міндеттердің бірі ретінде кірген. Бүгінде қаламыздағы жастар арасындағы жүмыссыздық деңгейі 6,7% . Бұл өзге қалалармен салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш. Сондықтан жастарды оқытуға арналған қосымша 43 мамандық бойынша курстар ашылады. Мамандықтардың көпшілігі ЖОО-рында оқытыла бермейтін, алайда аса маңызды мамандықтар. Ол үшін қомақты қаржы да қарастырылуда екен. Өйткені курстан өткендерге арнайы стипендия да төленетін көрінеді.
Қаламыздағы жастарға арналаған үлкен лофт орталық ашу жоспарланып отыр. Ол бұрынғы трамвай ДЕПО-сының аумағында болмақ. Сонымен қатар 2020 жылға дейін арнайы 22 коворкинг орталықтар ашылмақ.
Жас отбасыларын тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін арнайы «Даму» қорымен және Тұрғынүйқұрылысжинақбанкімен келіссөздер жүргізілуде. Мақасат жастарға арналған жатақхана типіндегі 720 пәтер салу. Сонымен қатар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінің бастапқы пайыздық салымын 30 пайыздан 10 пайызға түсіру.
Сонымен қатар жастарды сауықтыру, білім сапасын көтеру, патриоттыққа тәрбиелеу мен салауатты өмір салтын насихаттау және т.б салалар бойынша жобаның бөлімшелері талқыланды. Терең талқылауда жаңа ұсыныстар айтылды.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*