ӨЗБЕКСТАНДА БАЛМҰЗДАҚТЫҢ КЕСІРІНЕН 1,5 МЫҢ АДАМ УЛАНДЫ

1
657

  Естімеген елде көп! Күн ысыған сәтте мұздай балмұздақ жеп ләззат алатын көпшілік ойламаған жерден опық жеді.

  Өзбекстанның Әндіжан облысында күні кеше мың жарым қарапайым тұрғын уланып қалды. Қазіргі сәтте оның жүздегені ғана ауруханадан емделіп шықты. Ал 5 адам қарапайым балмұздақ үшін өмірімен күресіп, реанимациялық бөлімде жатыр. Ақпараттарға сүйенсек, уланғандардың бәрі «Макс» атты кафенің балмұздағын жеген екен. Бұл келеңсіз оқиға тек Әндіжанды ғана шулатып қоймай, Өзбекстанның денсаулық сақтау министрінің бас дәрігері Садмурад Сайдалиевтың келуіне себеп болды.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

1 пікір

Пікір қосу

*