ЖАСТАР ЖӘРМЕҢКЕДЕ БАС ҚОСТЫ

0
96
Алматы — алып шаһар. Қалада 90 мыңнан астам студент жастар бар. Демек 90 мыңды қабылдай алатын жұмыс орындары да болуға тиіс. Шындығында солай ма?! Өкінішке орай, жоқ! Оқу бітірген талай білікті де білімді жастың қолында дипломы бола тұра, қаражат табар жұмысы болмай жататыны жасырын емес. Бұл олқылықты кім түземек? Әрине жастардың жанын түсінер жастар ұйымдары.
«Мыңжылдық қаласында» ең ірі деген 50-ден астам түрлі саладағы компаниялар жұмыс өтілінсіз жас мамандарды қызметке қабылдауға қатысты еңбек жәрмеңкесінде бас қосты. 700 жас маман мен студент қатысқан іс-шарада ірі компаниялардың әрқайсысы өз қатарларын жас маманмен толықтырып қайтты! Осылайша еңбек жәрмеңкесі біраз жасты қызметкер атандырды, мансабына баспалдақ болып, бақытына жол ашты. Жас маман мен компаниялар арасында ашық диалог орнап, өзара таныстық қалыптасты.

«Мүмкіндіктер жәрмеңкесі» деп аталатын іс-шараны Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «Жастар Үні» Жастар Қоғамдық Бірлестігі ұйымдастырғанын да тілге тиек ету қажет.

Еңбек жәрмеңкесінің басты ұраны ретінде: «Әр мүмкіндіктің астарында ең үлкен бақыттың бастамасы жатуы мүмкін» деген даналық тектен тек таңдалып алынбады. «Жастар Үні» ЖҚБ дәл осы ұран арқылы бұл шараға жастарды мейлінше көп қатысуға үндеуді мақсат тұтқан еді. Мақсат орындалды.

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*