МБЖЖ шеңберінде қайырымдылық эстафетасы жалғасуда

0
302

Мамыр айында Астанада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай МБЖЖ аясында «Табысты болашақ кепілі!» ұранымен спорттық эстафета және  «Менің жазғы демалысым» тақырыбында үздік сурет байқауы болып өтті. Іс-шара елордалық  №30 мектебінде өткізілді.

Сайыстың нәтижесінде қатысушылар ҚР Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығы мен «Жас Отан» жастар қанаты басшыларының қолынан грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Шараға қатысушылар өз күштері мен командалық рухын көрсетіп қана қоймай,  үлкен әсер алып, керемет күңіл-күйге бөленді.

Іс-шараға Астана қ. барлық мектептерінің ата-аналар комитетінің өкілдері де қатысты.

Сайыс барысында келген ата-аналар Қаржы орталығының өкілдерімен МБЖЖ (Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі) тақырыбында кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.

Естеріңізге сала кетсек, қазір МБЖЖ шеңберінде қайырымдылық эстафетасы жалғасуда. Оған Василий Левит, Илья Ильин және Серік Сапиев секілді атақты спортшылар қатысты. Алдағы уақытта бұл қайырымдылық акциясы Қазақстанның басқа да танымал тұлғаларымен жалғасын таппақ. Олар өз кезегінде, бірнеше балаға жарқын болашаққа мүмкіндік сыйлайтын болады. Өйткені, жақсы білім бұл – табысты болашақтың кепілі!

Материал ҚР Заңнамасына сәйкес қорғалған. Барлық авторлық құқықтар ARHAR.KZ интернет-порталына тиесілі. Материалдың кез-келген бөлігін көшіру, тарату үшін редакциямен байланысу қажет.

Пікір жоқ

Пікір қосу

*