Головкин «Канеломен» жекпе-жекке дайындығын бастады

Жарияланды at 04.07.2017
1065 0

 Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен (49-1-1, 34 КО) өтетін жекпе-жекке дайындық жаттығуларын бастады, — деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы оның бапкері Абель Санчес мәлімдеді. Жаттығу процесі әдеттегідей Калифорниядағы Big Bear кешенінде өтеді.  «Ертең ол жаттығу лагеріне келеді. Біз жаттығуларды бастаймыз. Мен оның мықты болуы үшін жаттығуларға бар күшін салатынына сенемін. Қарсылас та осы мәселені ескеруі тиіс. Бізде «Канелоны» соңғы раундтарда құлатуға немесе төрешілер шешімімен жеңіске жетеміз деген үміт бар», — деп жазды boxingnews24.com Санчестің сөзін.  Айта кетейік, «Канело» — Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді, екі боксшы арасындағы жекпе-жек өтетіні ресми түрде жарияланды.  Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық «The Ring» журналының белбеуін бәске тігеді.

kaz.tengrinews.kz 

comments powered by HyperComments

Arhar

Ақиқат бізден, төрелік сізден!

Ұқсас жаңалықтар

Где будет следующий теракт ИГИЛ?

Жарияланды - 24.11.2015 0
Британские СМИ сообщают, что боевики угрожают следующей серией терактов, которая может произойти в Лондоне. Также утверждается, что целями террористов могут…

Әлия Назарбаева қыз босанды

Жарияланды - 28.06.2016 0
Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаева өзі продюсерлік еткен телехикаяның Мәскеу халықаралық кинофестиваліндегі тұсаукесерінен қыз босануына орай қалып қойды. Бұл…