Фото: Dmitri Franchuk

Бұл сериядағы көліктерді ұлы ақын Абайдың мерейтойына арнауды жөн санадық, – дейді “АЗИЯ АВТО” зауытының бас директоры Ерік Сағымбаев.

Әрбір автомобильде ағартушының өлеңдері мен қара сөздері бар кітап пен Abai175 белгісі жапсырылған, – деп жазады kazaknews.kz.

Компания басшысының айтуынша, қазіргі таңда LADA Granta маркалы 500 машинада Abai175 жапсырмасы бар. Зауытта бұл модельді “халық көлігі” деп атайды.

Фото: Dmitri Franchuk

Өткен жылдың басында “Қолжетімді көлік” бағдарламасын жолға қойдық. Соның негізінде қазақстандықтар үшін 2 820 000 теңгеге су жаңа көлік алатын мүмкіндік туды.  Abai175 жүйелі тексерістен өткен соң шамамен ақпан айының соңында сатылымға шығады, –  деді Ерік Сағымбаев. 

“АЗИЯ АВТО” бас директорының айтуынша 2019 жылдың қорытындысына қарағанда LADA Granta жергілікті көлік өндірісінде ең танымалы. Ал өткен жылы осы маркадан 5000 көлік сатылған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған