Nur Otan партиясы алматылық белсенді азаматтарды сотқа берді Nur Otan партиясы жалған ақпарат таратты деген айыппен Санавар Закировты, Марат Тұрымбетовты және Әлнұр Ильяшевті сотқа берді.

Фото: malina-group.com

Партияның баспасөз қызметі жауапқа тартылып жатқан азаматтар «Nur Otan» партиясы біздің партия құруымызға кедергі келтірді-мыс» деп бірнеше мәрте жалған айып тақты дегенді айтады.

Партияға қарсы осындай айып әлеуметтік желілерде белсенді түрде бөлісіліп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы таратылған.

«»Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес, саяси партияны мемлекеттік тіркеуден Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі өткізеді.Тіркеуге Nur Otan немесе басқа партиялардың еш қатысы жоқ, бұл мәселеге ешкім араласып, кедергі де жасай алмайды. Партия бұл әрекеттерді қоғамдық бірлестіктің қызметіне нұқсан келтіру деп санайды. Осыған байланысты, ҚР Азаматтық кодексінің 143-бабына сәйкес, Nur Otan партиясы Алматы қаласының Жетісу аудандық сотына талап арыз берді», – деп хабарлады партиядағылар.

Дереккөз: Zakon.kz.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған